Ағымдағы жылдың 25 тамызында Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Жұмабек Байрақбайұлы, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің аппаратының басшысы, бөлім, мекеме басшылары мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупова баяндама жасап, аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат берді. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар талқыланып, мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Екінші мәселе – Жылыой ауданының әкімшілік-аумақтық бөлісін басқару схемасын бекіту туралы.

Бұл мәселе бойынша аудан әкімінің аппаратының басшысы А.Теміржанов баяндама жасап, басқару схемасына қатысты негізгі мәселелерді таныстырды. Баяндама депутаттар тарапынан талқыланып, ұсыныс-пікірлер ескерілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhylyoy-district/press/news/details/1281578?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version