Қазақстан, сондай-ақ жекелей түрде Астана мен Алматы қалалары беделді халықаралық Wanderlust Reader Travel Awards 2026 сыйлығына үміткер атанды. Байқауды Ұлыбританияның саяхат тақырыбындағы жетекші басылымдарының бірі — Wanderlust журналы жыл сайын ұйымдастырады.
Қазақстан «Дамып келе жатқан ең тартымды туристік бағыт» (Most Desirable Emerging Destination) аталымында ұсынылған. Біздің елімізбен қатар бұл жолы Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Босния және Герцеговина, Болгария, Латвия, Литва және басқа да елдер бақ сынайды.
Ал Астана мен Алматы «Әлемдегі ең тартымды қала» (Most Desirable City Worldwide) аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді. Бұл бағытта тағы Александрия, Пусан, Бейжің, Буэнос-Айрес, Кейптаун, Бұхара және әлемнің өзге де қалалары ұсынылған.
Биыл жиырма бесінші рет өткізілетін Wanderlust Reader Travel Awards аясында ең тартымды туристік бағыттар, туроператорлар мен саяхат саласындағы брендтер марапатталады. Жеңімпаздарды басылым оқырмандары ашық дауыс беру арқылы анықтайды. Биыл дауыс беруге 200 мыңнан астам саяхатшы қатысады деп күтілуде.
1993 жылы негізі қаланған Wanderlust журналы — Ұлыбританияның саяхат тақырыбындағы жетекші тәуелсіз басылымдарының бірі. 30 жылдан астам уақыт бойы журнал әлемнің ең қызықты туристік бағыттары туралы жазып, жергілікті мәдениет пен тұрмыс-тіршілікті жақыннан танытатын саяхаттарға, тұрақты туризмге және жаңа әсерлерге ерекше мән беріп келеді.
Астананы қолдау үшін https://wanderlustmagazine.pro.typeform.com/to/u9oe9cSg?typeform-source=www.linkedin.com ашық дауыс беруге қатыса аласыздар.
Дауыс беру 2026 жылғы 27 қазанға дейін жалғасады. Жеңімпаздар 4 қарашада Лондонда өтетін WTM London халықаралық туристік көрмесі аясында жарияланады.
#Kazakhstan #Astana #AstanaTourism #Wanderlust @wanderlustmag
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1282294?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау