Аудан әкімі білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша жұмыс кеңесін өткізді
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Руслан Әкімжанұлы Аңбаев білім беру нысандарының 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындығы мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының дайындығы, жөндеу жұмыстарын жүргізу, қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Барлық дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауға, оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар беріп, білім беру нысандарының жаңа оқу жылының басталуына толық дайындығын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1281933?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау