Казталов аудандық мәслихаты төрағасының
ШЕШІМІ
Казталов ауылы № 43 28 тамыз 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
44 сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясы 2026 жылдың 2 қыркүйек күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында сағат 1000 – ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылсын:
- «Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы Казталов және Жалпақтал ауылдық округтерінің аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы және сапалы шығаруды қамтамасыз ету мақсатында КАМАЗ 65115-3081-50 маркалы (мусоровоз) арнайы автокөлікті лизинг тәсілімен аудандық бюджет қаражаты есебінен сатып алу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы С. Мулдашев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaztalovka-maslihat/press/news/details/1282142?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау