Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Тамыз 28, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ауыл тұрғындары жалға берілетін тұрғын үйді өздері таңдай алады

Жарияланды:

28/08/2026 10:20

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдап, оны алу үшін өтініш бере алады.

Бұл жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты.

Жаңа тетік бойынша өтініштерді алғашқы қабылдау 2026 жылғы 1–7 қыркүйек аралығында baspana.otbasybank.kz порталында өтеді. Өтінішті тиісті ауданда тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар бере алады. Өтініш беру үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін Отбасы банк тұрғын үй алушылардың тізімін қалыптастырады. Тұрғын үйді бөлу кезінде есепке қойылған күні, отбасының соңғы алты айдағы табыс деңгейі, отбасы құрамы және өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесі ескеріледі.

Сонымен қатар, қағидаларда азаматтардың жекелеген санаттарына басымдық беру көзделген. Мемлекеттік тұрғын үйдің кемінде 20%-ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді. Тағы кемінде 50%-ы әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтардың жекелеген топтарына қарастырылған.

Тағы бір өзгеріс кезекте тұрған азаматтарға берілетін тұрғын үйді айқындау шарттарына қатысты. Бұл норма 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Тұрғын үйдегі бөлмелер санын айқындау кезінде отбасы құрамы ескеріледі. Атап айтқанда, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарға, сондай-ақ әртүрлі жыныстағы балаларға жеке бөлме беру талаптары қарастырылған.

Алдағы уақытта бұл тәртіп тұрақты негізде қолданылады. Яғни тиісті ауданның ауылдық елді мекендерінде қолжетімді жалдамалы тұрғын үй пайда болған сайын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар оны өздері таңдап, алуға өтініш бере алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1281627?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: СОТ АКТІСІН ОРЫНДАМАҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Next: Бике ауылы Солтүстік Қазақстандағы «Арақсыз ауылдар» бастамасына қосылды→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version