2026 жылғы 25 тамызда Байғанин аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен аудан жұмыс берушілерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің еңбек саласын бақылау бөлімінің басшысы Қасенова Анар Бауыржанқызы және бөлімнің бас маманы Есалиева Лейла Бурабекқызы қатысты.
Кездесу барысында еңбек қатынастарын тиісті түрде рәсімдеу, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру және еңбек шартын тоқтатудың негіздері мен тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тиісті түрде рәсімдеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру және еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екендігі атап өтілді. Жұмыс берушінің жұмыскерді өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүрлеуіне жол берілмейтіні түсіндірілді.
Еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау — жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің басты міндеттерінің бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1281962?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау