Бельгияда Семей ядролық полигоны жабылуының 35 жылдығы қарсаңында ядролық сынақ құрбандарын еске алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ипр, Бельгия, 2026 жылғы 28 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн және Семей ядролық полигоны жабылуының 35 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко мен Ипр қаласының мэрі Катрин Десомер ядролық сынақтар мен техногендік апаттар құрбандарын еске алды.

Елші мен мэр 2010 жылы Қазақстан тарапынан Ипр қаласына сыйға тартылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Семей мен Ипрдің бастан кешкен тарихы бізге қарапайым, бірақ аса маңызды ақиқатты еске салады: бейбітшілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдауға болмайды. Оны ортақ күш-жігермен сақтап, келер ұрпаққа аманат етуіміз қажет», – деді Роман Василенко.

1991 жылғы 29 тамызда қырық жылдан астам уақыт ішінде 456 ядролық сынақ өткізілген Семей ядролық полигоны жабылды. Кейін Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың бірінен өз еркімен бас тартып, бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы тарихи таңдауын жасады.

Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады. Бұл күн жыл сайын әлемдік қоғамдастыққа ядролық сынақтардың зардаптарын және оларды толық тоқтатудың маңыздылығын еске салады.

«Ипр мен Семейді ерекше байланыс және тарихи жадты сақтауға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Өткеннің сабақтарын келер ұрпаққа жеткізіп, оларды бейбітшілікті нығайтуға қызмет еткізу маңызды», – деді Ипр қаласының мэрі Катрин Десомер.

Кездесу барысында Ипр мен Семей арасындағы бауырлас қалалар қатынастарына ерекше назар аударылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қасіретті зардаптарының символдарының біріне айналған Ипр мен ядролық сынақтардың зардабын тартқан Семейді бүгінде ортақ мақсат – тарихи жадты сақтау және бейбітшілік мәдениетін ілгерілету біріктіреді.

Роман Василенко мен Катрин Десомер екі қала арасындағы байланыстарды, оның ішінде мәдени, білім беру және жастар жобалары арқылы одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1282280?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version