«БІР КҮН – МЫҢ КЕҢЕС»: ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«БІР КҮН – МЫҢ КЕҢЕС»: ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

2026 жылдың 28 тамызында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Бір күн – мың кеңес» құқықтық акциясы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру және олардың құқықтарын қорғауға қажетті ақпарат ұсыну. Акцияға Әділет департаментінің сала мамандарымен қатар адвокаттар мен нотариустар қатысты. Мамандар азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында кеңестер берді.
Тұрғындар тарапынан банк шоттарының бұғатталуы, алимент өндіру, сенімхат рәсімдеу тәртібі және өзге де құқықтық мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, мәселені шешудің заңды жолдары айтылды.
#заңментәртіп #адалазамат #заңбәрінеортақ #заңүстемдігі #жауапкершілік

https://www.instagram.com/p/Dck-mYHoI1G/

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1281889?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version