Бүгін Теректі ауданының Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы М. Ибраев жүргізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Д. Ғұмаров қатысты.
Отырыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы негізгі мәселелердің бірі ретінде қаралды. Бұл бағытта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының міндетін атқарушы С. Сәрсенова «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» баяндама жасады.
Сонымен қатар Подстепное, Шаған және Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдері аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі есептері тыңдалды.
Жиында тұрғындарды қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және шығару, сондай-ақ Теректі селолық округі полигонының аумағын күтіп ұстау мәселелері де қаралды. Осыған байланысты ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ақпарат ұсынылды. Қоғамдық кеңес мүшесі Қ. Ахмадиев аталған мәселеге қатысты сұрақ қойып, жауап алды.
Сондай-ақ Қоғамдық кеңеспен келісу үшін аудан әкімдігінің конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін бекіту туралы қаулысының жобасы ұсынылды.
Бұдан бөлек, Теректі аудандық мәслихаты шешімдерінің жобалары, атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу және мемлекеттік мекеме туралы ережеге қатысты мәселелер қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес қаралған қаулы мен шешім жобаларына қатысты тиісті ұсынымдар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/terekta-maslihat/press/news/details/1282232?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау