Мамлют ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерімен жұмыс кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мамлют ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанандағы Үйлестіру кеңесінің және жастар комиссиясының Солтүстік Қазақстан облысынан мүшелері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға Омбудсмен институтының қызметі, оның заңнамалық өкілеттіктері және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі тетіктері туралы ақпарат берілді.
Қазақстанда «Омбудсмен +» моделі бойынша жұмыс істейтін Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметіне ерекше назар аударылды. ҰАТ-нің міндеттері, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және интернаттық мекемелерге превентивтік баруларды жүзеге асыру тәжірибесі талқыланды.
Сонымен қатар адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық құқықтық нормаларды қолдану мәселелері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерінің проблемалық мәселелерді анықтау және талқылаудағы рөлі қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1282049?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version