Мектепалды даярлық және бастауыш сынып педагогтерінің секциялық отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мектепалды даярлық және бастауыш сынып педагогтерінің секциялық отырысы өтті

Ақсуат ауданында «Жаңа халықтық Конституция нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында аудандық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді. Секциялық отырыс мектепалды даярлық және бастауыш сынып педагогтеріне арналып, оған 36 педагог қатысты.

Жиын барысында 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жаңа 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Педагогтерге білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістер мен оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған жұмыстар таныстырылды.

Сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуына қатысты жаңартылған аттестаттау жүйесі туралы ақпарат берілді. Аттестаттау талаптарындағы өзгерістер, педагогтің кәсіби жетістіктерін бағалау, тәжірибесін жинақтау және кәсіби құзыреттілігін арттыру бағыттары талқыланды.

Секция отырысының күн тәртібінде:

  1. 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық жоспарды талқылау.

  2. 2026–2027 оқу жылында 2–4-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау тәртібіндегі өзгерістер.

  3. Педагогтер қауымдастығының құрамын қайта сайлау.

  4. Баяндамашылардың баяндамаларын тыңдау.

  5. Әртүрлі мәселелер.

  6. Марапаттау.

Секция барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, бастауыш білім берудегі өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе білім сапасын арттыру, оқу жетістіктерін әділ бағалау, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта тиімді пайдалану, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және жаңартылған аттестаттау жүйесінің талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Секциялық отырыс педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, білім беру саласындағы жаңа өзгерістермен танысуына және жаңа оқу жылына нақты міндеттер белгілеуіне мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1282187?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version