Қаржы нарығын цифрландыру жөніндегі шараларды жетілдіру және іске асыру шеңберінде заңнамаға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілді.
Негiзгi жаңалық пайда алушылардың банктiк шоттарына қаражат аудару жолымен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (КҚИ АҚЖМ) бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудың қолма-қол ақшасыз нысанына көшу болып табылады. Бұл ретте банктік аударымдар және қаражатты есептеу бойынша шығыстарды сақтандыру ұйымы төлейді, бұл сақтандыру төлемін комиссияны ұстамай толық көлемде алуды қамтамасыз етеді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына түзетулер енгізілді.
Бұл реформалар сақтандыру төлемдерінің ашықтығын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және Қазақстанның сақтандыру нарығында цифрлық сервистерді одан әрі дамытуға бағытталған. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу шығындарды реттеудің айқын емес схемаларын болдырмауға мүмкіндік береді және тікелей зардап шеккен адамның қаражат алуына кепілдік береді.
Жаңашылдық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң (2026 жылғы 21 қазаннан бастап) қолданысқа енгізіледі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1282042?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау