МСУ кодтары бойынша жергілікті салықтар бойынша төленуге жататын міндеттемелер туындаған кезде салық есептілігін дұрыс толтыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МСУ кодтары бойынша жергілікті салықтар бойынша төленуге жататын міндеттемелер туындаған кезде салық есептілігін дұрыс толтыру

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент немесе ауылдық округ бюджеттеріне салықтық түсімдер мен төлемдердің жекелеген түрлері есепке жатқызылады.

Оларға мыналар жатады: жеке тұлғалардың өздері салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығы; жеке тұлғалардың мүлік салығы; елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы; кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды өндіруге салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы.

Салық есептілігін дұрыс толтырудың маңыздылығы

 Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес, салық есептілігінің нысандарында ауылдық округ әкімінің аппаратының БСН-ін көрсету көзделген.

Салық есептілігін толтыру кезінде салық міндеттемесінің туындаған жерін және тиісті жергілікті өзін-өзі басқару кодын (бұдан әрі – МСУ), сондай-ақ әкім аппаратының БСН-ін – бенефициарды дұрыс көрсету қажет.

Салық есептілігінің нақты салық салу объектілері және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік туралы мәліметтер көрсетілетін қосымшаларына ерекше назар аудару қажет.

МСУ кодын, әкім аппаратының БСН-ін немесе объектінің орналасқан жерін қате көрсету есептелген соманың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке емес, басқа аумаққа көрсетілуіне әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жергілікті бюджеттер арасында түсімдердің дұрыс бөлінбеу тәуекелін туындатады.

Осылайша, салық есептілігін толтыру кезінде салық немесе төлем сомасының дұрыс есептелуін ғана емес, салық салу объектісіне қатысты аумақтық деректемелердің дұрыстығын да тексеру қажет.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы салық есептілігінің нысандарын басшылыққа алу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1282121?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version