⠀Павлодар қалалық мәслихатының XLV кезектентыс сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттарПавлодар қалалық мәслихатының «2026–2028 жылдарға арналған Павлодар қаласының бюджетітуралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралымәселені қарастырды.
⠀Бұған дейін бекітілген іс-шаралар бойыншашығыстарды оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, бюджет қаражатының орындалу қорытындысы мен жекелеген іс-шараларды қаржыландыруға нақтықажеттілікті нақтылау нәтижесінде қалыптасқанүнемделген қаражат қайта бөлінді.
⠀Бюджетті нақтылау барысында аталғанқаражатты қалалық инфрақұрылымның, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтіксаланың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етугебағытталған бірінші кезектегі шығыстардықаржыландыруға бөлу ұсынылды.
⠀Сонымен қатар, «Достық» көппәтерлі тұрғынүй кешенін салуға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім шарттардың жобаларын келісу мәселесі қаралды.
⠀Қаланың бас жоспарына сәйкес, Павлодардыңоңтүстік бағыттағы дамуы әлеуметтік-мәденимақсаттағы нысандары бар көпқабатты тұрғын үйкешендерін салу үшін саяжай учаскелерін алыпқою есебінен жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта «Достық» жобасының үшіншікезеңі бойынша 17 жер учаскесіне қатыстыкелісімге қол жеткізілді. Жалпы, 2014 жылдан бері980 жер учаскесі алып қойылды.
⠀Сондай-ақ Павлодар қалалық мәслихатыныңбұрын қабылданған бірқатар шешімдерінеөзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Барлық мәселелер мәслихаттың тұрақтыкомиссиясының отырысында алдын ала талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1282172?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау