Президент әр облыста ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығын салуды тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президент әр облыста ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығын салуды тапсырды

Құрылтай қос палаталы Парламенттің депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президенттің айтуынша, ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет. — Мен осы мәселе жөнінде Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы отырысында айттым. Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясында. Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек — Осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажет. Демеушілер де осы маңызды іс-шараға қатысады деп сенемін. Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек. Бұл — мен үшін тұрақты ұстаным, — деді Мемлекет басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1282192?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version