Прокурорлар үкімдердің орындалуы сұрақтары бойынша тікелей эфир өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 28 тамызда сағат 17:00-де облыс прокуратурасының ресми @prokuraturasko Instagram-парақшасында «Қылмыстық жазаларды орындау, рақымшылықты қолдану және сотталған әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы заңнамадағы өзгерістер» тақырыбына  тікелей эфир өтті.

Эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері сотталған әйелдердің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтуге және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, рақымшылық жасау туралы ережелерді қолдануға бағытталған заңнаманың өзекті өзгерістерін түсіндірді.

Сондай-ақ үкімдердің орындалуына, атап айтқанда, мекемелерде заңның сақталуы қалай бақыланады, сотталғандар мен олардың туыстарының құқықтары қандай, бұл ретте прокуратура қандай рөл атқарады деген өзекті мәселелер түсіндірілді.

Облыс прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында халықты хабардар етуді және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырады.

                                        Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1282229?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version