Қабанбай ауылында ішкі көшелер мен спорт кешенінің құрылыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы Қабанбай ауылында жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарының жұмысымен танысты.
Желтоқсан көшесінде 1,5 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынып, қоқыс жәшіктері және көше жарықтары орнату жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы мердігер “Ислам” ЖК құрылыс жұмысын сапалы, әрі уақытылы орындауды тапсырды.
Сонымен қатар, 80 орынға арналған Қабанбай спорт кешенінің құрылысына барды.
Мердігер – «Construction Samuryk» ЖШС. Қазіргі таңда нысан құрылысының 90 пайызы аяқталған. Алда спорт кешенінің алдыңғы бөлігіне асфальт және ішкі бөлігіне линолеум төсеу жұмыстары жүргізіледі. Нысанды қыркүйек айының соңында қолданысқа беру жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1282227?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау