Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: “Автомобиль көлігіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары”.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіл автокөліктерде болатын өрттер жүргізушілердің тек өрт қауіпсіздігі талаптарына жеткілікті дайындалмағанын ғана емес, сонымен қатар өртті жою кезіндегі іс-әрекеттерді де толық білмейтінін көрсетеді.
Өртті дер кезінде анықтап, оны жою шараларын бірден қабылдау өте маңызды. Өрттің шығуына дейін оған себеп болатын белгілер байқалуы мүмкін. Олар: бензиннің иісі, күйген оқшаулағыштың иісі, капот астынан түтіннің шығуы.
Өрттер көбінесе электр сымдарының ақаулығынан туындайды. Сондықтан электр сымдарының оқшаулағыштарының жағдайына және түйіспелерінің сапасына назар аудару қажет. Электр жүйесіне енгізілген барлық өзгерістер мен қосымша құрылғылар сапалы түрде тексерілуі тиіс. Мұндай жұмыстарды білікті маманға тапсырған жөн.
Автокөлікті пайдалану барысында уақыт өте келе жанармай шлангілері тозып немесе жарылып, қосылыстарда ақаулар пайда болуы мүмкін. Бензин булары ұшқын болған кезде немесе қозғалтқыштың, шығару коллекторының ыстық беттеріне тиген жағдайда тез тұтанады.
Қазіргі заманғы автокөліктердің ішкі әрлеу материалдарының көпшілігі полимерлерден, пластиктен және басқа да синтетикалық материалдардан жасалады. Олардың басым бөлігі жанғыш болып табылады. Мұндай материалдар жанған кезде бөлінетін газдар өте улы.
Егер автокөлік қозғалыс кезінде өртенсе, төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
* Автокөлікті дереу тоқтатыңыз.
* Қозғалтқышты өшіріңіз.
* Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ капотты ашпаңыз.
* Барлық жолаушыларды автокөліктен шығарыңыз.
*  «101» нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.
* Егер қауіп төнбесе,
*  автокөлікте бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз.
Қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды қолданбаңыз, себебі бұл электр сымдарының қысқа тұйықталуына немесе жанған бензиннің таралуына және өрт аумағының ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1282165?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version