Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Мәди ауылдық округінің Айрық ауылында 246-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы бекеті ашылды. Жаңа нысан 500-ге жуық тұрғыны бар елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Іс-шараға Қарағанды облысы ТЖД бастығы генерал-майор Марғұлан Аманбаев, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Бекетте ерікті өрт сөндірушілердің қызмет атқаруына барлық қажетті жағдай жасалған. Ол тәулік бойы қызмет атқаруға толық жасақталған. ТЖМ қажетті өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт-техникалық жарақтарын және жауынгерлік киім-кешегін берді. Ерікті өрт сөндірушілерді тұрақты даярлау және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету өрттер мен төтенше жағдайларға тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.
Бекеттің ашылуы өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, оқиғаның алғашқы минуттарында қажетті шараларды қабылдап, оларды дер кезінде жоюға кірісуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1282113?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау