Қазақстанда 247- ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Айнабұлақ ауылында 247-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуы өтті. Өрт сөндіру бекеті Айнабұлақ, Ақтасты және Өсібай ауылдарындағы 400-ге жуық тұрғынды өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынған.

  Жаңа өрт сөндіру бекетінде жеке құрамның қызмет атқаруына барлық қажетті жағдай жасалған. Нысан ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жарақтармен және жауынгерлік киім-кешекпен толық жабдықталған. Бұл оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1282216?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version