Қазақстандық оқушылар Корея Республикасында өтетін FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында ел намысын қорғайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада робототехникадан FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатының ұлттық кезеңі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсететін бес оқушы анықталды.

Құрама мүшелерінің барлығы Алматы қаласындағы Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейінде және Ыбырай Алтынсарин атындағы № 159 гимназиясында білім алады.

Қазақстан құрамасының сапына мына оқушылар енді:

• Абдулла Арнұр Нұрланұлы;
• Бердали Аспандияр Хамитұлы;
• Серік Нұртас Ерболұлы;
• Ендібай Ерасыл Ділмұрадұлы;
• Мақсұт Хусейн Асетұлы.

Жарыс Қазақ ұлттық спорт университетінің базасында өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстаннан келген қонақ командалар қатысты.

Биыл қатысушылар орман өрттерінің алдын алу, олардың салдарын барынша азайту және зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру бойынша инженерлік-технологиялық шешімдер әзірледі.

2026 жылы FIRST Global Challenge халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының тізбесіне енгізілді. Оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері «бакалавриат» санаты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер бола алады.

Қазақстан құрамасы робототехникадан төрт дүркін әлем чемпионы. Биыл әлем чемпионаты Инчхон қаласында өтіп, 190 елден 1 000-нан астам қатысушының басын қосады.

Ұлттық кезеңді USTEM Foundation қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-білім беру орталығының, Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің, сондай-ақ Astana Motors құрамына кіретін OMODA & JAECOO брендінің қолдауымен ұйымдастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1282250?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version