Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев сотталғандардың шағымы бойынша ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты «№ 60 мекемесіне» барды.
Барудың басты мақсаты – жабық үлгідегі мекемелерде ұсталатын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қадағалау, ұстау жағдайларымен танысу және сотталғандардың шағымдарын зерделеу.
Өкіл бару барысында мекеме аумағын аралап, сотталғандардың тұрмыс-жайымен танысып, сотталғандар жататын отрядтарды қарады.
Сонымен қатар, Өкіл Мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауда сотталғандар өздерінің өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Қабылдауда болған сотталғандарға көтерген әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, тиісті құқықтық кеңестер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1282184?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау