ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында Вице-министр жаңа Конституцияда алғаш рет зияткерлік меншіктің заңмен қорғалатыны туралы норма бекітілгенін атап өтті. Бұл адамның шығармашылығы мен зияткерлік еңбегін қорғауға бағытталған адамға бағдарланған тәсілді айқындайды.
Авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын тиімді қорғау мақсатында құқықтарды ұжымдық басқару саласында Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) енгізілуде. Платформа шарт жасасудан бастап авторлық сыйақыны бөлу мен төлеуге дейінгі процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді.
БЦП үш кезеңмен іске асырылуда. Алғашқы екі кезең теле-радиохабар тарату, театр, филармония және кино салаларын қамтиды. Үшінші кезең 2027 жылғы 1 қаңтардан басталып, пайдаланушылардың шамамен 90%-ын, оның ішінде қоғамдық тамақтану және сауда нысандарын, қонақүйлерді қамтиды.
Қазіргі уақытта платформада 293 субъект тіркеліп, 164 мыңнан астам туынды және 15 мыңнан астам құқық иеленуші туралы мәлімет енгізілген.
БЦП құқықтарды ұжымдық басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, авторлар мен құқық иеленушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған тиімді цифрлық шешім болмақ.
Әділет министрлігі осы бағытта жұмыстарын жалғастыратын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1282112?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version