Құқықтық көмек – маңызды қолдаудың бірі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқықтық көмек – маңызды қолдаудың бірі

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №54 мекемесінде меморандум аясында «ALGA GROUP» заң кеңесінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында сотталғандарға құқықтық кеңестер беріліп, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша қажетті ақпараттар ұсынылды.

Осындай кездесулер сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қоғамға қайта бейімделуіне және әлеуметтік қолдау алуына оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisshymkent/press/news/details/1281509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version