Мәслихат аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының алғашқы сессиясының ашылуын бірге тамашалап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін тыңдады.
Астанада басталған тарихи жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сессияның ашылуында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Құрылтайдың жұмысын еліміздің дамуындағы маңызды тарихи кезең деп атап өтті.
Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы жалпыұлттық референдумда қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде жұмысын бастады. Осыған байланысты Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуы Қазақстан үшін маңызды тарихи оқиға ретінде бағаланды.
Сессия барысында Мәслихат аппаратының қызметкерлері жаңа бір палаталы заң шығарушы органның қызметі, оның елдің қоғамдық-саяси және заңнамалық дамуындағы рөлі жөнінде пікір алмасты. Ұжым мүшелері Мемлекет басшысының бастамалары мен алға қойған міндеттерін талқылап, Құрылтай жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Құрылтайдың алғашқы сессиясының басталуы – Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа кезеңнің айқын көрінісі. Жаңа заң шығарушы органның жұмысы ел дамуының стратегиялық бағыттарын іске асыруға және заңнамалық үдерістерді одан әрі жетілдіруге бағытталмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1282071?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау