2026 жылғы 22 тамызда Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Спорттың қысқы түрлері бойынша ШҚО МБЖОРМ» КММ-нің шаңғы жарысы және биатлон бөлімдерінің спортшылары арасында бақылау-бағалау нормативтері өткізілді.
Нормативтерді тапсыру барысында спортшылардың жалпы дене дайындығының деңгейі бағаланды.
Спортшылар жалпы дене дайындығы бойынша мынадай нормативтерді орындады:
- кросс жүгіру;
- кермеге тартылу/қолды бүгіп-жазу;
- орнынан ұзындыққа секіру;
- іш бұлшықеттеріне арналған жаттығу;
- 30 метрге жүгіру.
Бақылау-бағалау нормативтерін өткізу спортшылардың дене дайындығының деңгейін анықтауға, спорттық көрсеткіштерінің динамикасын бағалауға және алдағы оқу-жаттығу процесін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1281762?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау