Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының тапсырмасына сәйкес (бұдан әрі – Комитет) және Назарбаев Университеті базасындағы қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдауға маманданған «Ұлттық талдау орталығы- think tank» корпоративтік қорының өтінішіне байланысты, Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығы мен Мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, 2026 жылғы 27 тамызында Комитет базасында «Салықтық әкімшілендірудегі өзара іс – қимыл тәсілдері» тақырыбында офлайн/онлайн форматта аралас семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды мінез-құлық ғылымының негіздерімен және оны мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруда қолданудың пратикалық құралдарымен, нақты айтқанда, салықтық әкімшілендірүді тиімді жүзеге асыру тәсілдерімен таныстыру, сондай-ақ мінез-құлықтық тәсілдердің адамдардың мінез-құлқын неғұрлым жақсы түсінуге және тиімді, қарапайым әрі азаматтарға бағдарланған мемлекеттік шешімдер қабылдауға қалай ықпал ететінін көрсету.
Семинарға тындаушылар ретінде Комитеттің орталық аппаратының және Ұлттық талдау орталығының өкілдері қатысты.
Тыңдаушылардың саны 36 адамды құрады.
Дәріскерлер ретінде Назарбаев Университеті базасындағы қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдауға маманданған «Ұлттық талдау орталығы– think tank» өкілдері сөз сөйледі:
– Джаненова Салтанат Амангельдиевна (онлайн) – Орталық Азия бойынша мінез-құлықтық мемлекеттік саясат орталығының директоры. «Мінез-құлық ғылымын пилоттық жобасы», «ОТӨ қоладауымен ҰТБ-ның пилоттық жобасы», «Мінез-құлықтық тәсілдерді іске асырудағы сын-қатерлер» тақырыптарында баяндама жасады;
– Газизова Сауле Сериковна – «Салықтық әкімшілендірудегі мінез-құлықтық тәсілдердің халықаралық практикасы» тақырыбында зерттеулер орталығының директоры;
– Донбаева Айгерим Турлыбековна – «Салықтық әкімшілендірудегі мінез-құлықтық тәсілдердің халықаралық практикасы» тақырыбында жетекші экономист;
– Тлеухан Роза – Орталық Азия бойынша мінез-құлықтық мемлекеттік саясат орталығының аға зерттеуші-талдаушысы «Топтардағы жұмыс» тақырыбында жұмыс жүргізді.
Осындай семинарларды өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және салықтық әкімшілендіру саласында әлемдік тәжірибені енгізуге ұмтылысын арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1281670?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау