Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы орталықтандырылған жылу қазандықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын пысықтап, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын аралап көрді.
Аудан әкімі жөндеу жұмыстарының қарқынын күшейтіп, белгіленген мерзімде толық аяқтауды «Сарыағаш-Тұрмыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақтияр Секеровке тапсырды. Сонымен қатар, жылу қазандықтары мен желілерінің қысқы кезеңге толық әзірлігін қамтамасыз ету, жылыту маусымы барысында жылу жүйелерінің үздіксіз әрі сапалы жұмыс істеуін бақылауда ұстау жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Қазіргі уақытта Бәйтереков көшесіндегі 14 көпқабатты тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтитын қазандықтары мен жылу желілерін жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Көпқабатты тұрғын үйлердің қазандықтарына қызмет көрсету және күтіп ұстау жұмыстарын «Сарыағаш-Тұрмыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асыруда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1282259?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау