Шаһар басшысы санитарлық тазалықты күшейтуді тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы, Атырау қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, дербес бөлім басшылары мен округ әкімдері, коммуналдық мекеме басшысы қатысты.

Маңызды басқосу барысында санитарлық тазалыққа жауапты бөлімдердің атқарған жұмыстары жан-жақты сараланды. Қала әкімі әкімдік аппараты тарапынан анықталған бірқатар кемшіліктерді қатаң сынға алды.

«Қалада қандай да бір жұмыс атқарылса, оның нәтижесі сол аумақтың тазалығымен өлшенуі керек. Мердігер мекеме жұмысты аяқтаған соң, аумақты сол күйінде қалдырмай, толықтай ретке келтіріп кетуге міндетті. Ал жауапты бөлімдер мұны бақылаусыз қалдырмауы тиіс. Қанша рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданғанымен, белгіленбеген орындарға құрылыс қалдықтарын, көлік қаңқаларын, өзге де қоқыстарды тастау фактілері әлі де кездеседі. Барлық жеке және заңды тұлға өз меншігіндегі немесе пайдалануындағы аумақты және оның айналасындағы 5 метр жерді таза ұстауға міндетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының мәні зор. Мәдениет ең алдымен тазалықтан басталады. Бұл акцияның мақсаты – тек ластанған аумақтарды тазалау емес, ең бастысы – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, оны ластамау. Санитарлық талаптарды сақтау – баршамызға ортақ міндет», – деді Шәкір Кейкінұлы.

Сондай-ақ қала әкімі қалалық полиция басқармасына жолданған хаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылауда ұстау, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, анықталған кемшіліктерді жедел жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Шаһар басшысы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1281743?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version