Шалқар және Имантау көлдеріндегі шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде бақылау мен қадағалауды күшейту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалау бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу мақсатында ТЖМ ТЖ алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

  Жұмыс сапары барысында шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын СҚО ТЖД лауазымды тұлғаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Жұмыс сапарының негізгі міндеттері – шағын көлемді кемелердің иелері мен жалға алушыларына, кәсіпкерлерге және демалушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

  Аталған жұмыстарға ішкі істер органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері жұмылдырылды. Ведомствоаралық мобильді топтар Шалқар және Имантау көлдерінің туристік аймақтарында профилактикалық іс-шаралар өткізіп, жүзу құралдарына тексеру жүргізді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1282147?lang=ru

Exit mobile version