Шыбышы ауылының жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шыбышы ауылының  жолына  жөндеу жұмыстары жүргізілді! 

Ауылымыздың инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға жайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асты. Шыбышы ауылының жолына ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Енді ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін жол қатынасы едәуір жеңілдеп, қауіпсіз әрі жайлы бола түсті. Жолдың сапасы — елді мекеннің дамуы мен халықтың тұрмыс сапасының басты көрсеткіші.

Жөндеу жұмыстары аясында:

Жолдың тегістелмей келген бұрыңғы қабаты жаңартылып, жаңа асфальт төселді;

Автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысы үшін тиісті жағдайлар жасалды;

Ауыл мен аудан орталығы арасындағы қатынас уақыты қысқарды.

Ауылымыздың көркейіп, жолдарымыздың тегіс болуы — бәріміздің ортақ қуанышымыз. Игі істер мен оң өзгерістер әлі де жалғасын табады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1281975?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version