«Солтүстік Қазақстан РЭК» АҚ ұжымымен өткен жұмыс кездесуіне қатыстым. Іс-шараға сондай-ақ Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының, Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының, кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының өкілдері және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға Омбудсмен институтының қызметі, оның конституциялық мандаты және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері туралы ақпарат берілді. Еңбек құқықтарын іске асыру, құқықтық қорғаудың қолжетімділігі, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда бекітілген еңбек ету құқығын іске асырудың маңызды кепілдіктерінің бірі – қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету екендігі атап өтілді. Халықаралық еңбек стандарттарын сақтау құқықтық мәдениетті нығайтуға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға және жұмыскерлердің құқықтарының бұзылуының алдын алуға ықпал ететіні ерекше айтылды.
Қатысушыларға Азаптауға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасына сәйкес құрылған Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) міндеттері, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелерге тәуелсіз мониторингтік баруларды жүргізу тәртібі түсіндірілді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі ҰАТ қызметі, қоғамдық сарапшылардың рөлі және алдын алу тетігінің адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтудағы маңызы туралы баяндады.
Кездесу соңында қатысушыларға ҰАТ қатысушыларын келесі екі жылдық кезеңге іріктеу жөніндегі конкурстың 2026 жылғы желтоқсан айында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі тарапынан жарияланатыны туралы ақпарат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1282028?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау