«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар Д. Жуанышев көшесіндегі №2 және №4 үйлердің аралығындағы қоқыс контейнерлерінің санын арттыру, көшелерді жарықтандыру, «Ұлы Дала» шағын ауданындағы №52 үйге газ тарту, «Қызыл Абад» алабындағы Ынтымақ көшесіне жарық бағаналарын орнату және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Сонымен қатар қоғамдық көліктің жұмысы мен тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару мәселелері де көтерілді.
Қала әкімі сауалдардың барлығы заңнама талаптарына сәйкес зерделеніп, белгіленген жоспар аясында кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1281845?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау