Таразда әскери бөлімде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Тараз қаласында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты №14157 әскери бөлімінде жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар департаментінен 23 адам жеке құрам мен 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ Әуежайдағы өрт сөндірушілер және аталған әскери бөлімнің өрт сөндіру техникалары мен өрт сөндіруші командасы да қатысты. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты Ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА) сақталатын авиациялық қойма аумағында өрт шыққан кездегі күштер мен құралдардың іс-қимылын пысықтау. Шартты түрде шыққан өртті жылдам оқшаулау, әскери нысандағы қауіпсіздік шараларын күшейту және құтқару бөлімшелерінің өзара байланысын арттыру. Құтқарушылар мен әскери бөлімнің жеке құрамы күрделі нысандағы өртті жою бойынша қойылған тапсырмаларды сәтті орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1281920?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version