ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ МЕН ӨТІНІШТЕРІН ОРЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуал бойынша апталық штабтың кезекті мәжілісі өтті. Жиында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген мәселелерді жедел шешу жолдары қарастырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу, білім саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жер қатынастары және ауыз сумен қамту мәселелері сараланды.
Жиында жауапты басқармалар мен тиісті сала өкілдері баяндама жасады.
Мәжіліс қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы жауапты мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған өзекті материалдарды зерделеп, көтерілген мәселелерге жедел ден қою, тұрғындардың өтініштері мен проблемаларына тиісті жауап беру тапсырылды.
Сонымен қатар жер қатынастарына байланысты көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, оларды шешудің нақты жолдарын қарастыру міндеттелді. Ауыз су және білім саласына қатысты мәселелер бойынша да тиісті жұмыстарды күшейту тапсырылды. Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1281637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version