Жаңа мақсаттар, тың идеялар және жасампаздық кезеңі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа мақсаттар, тың идеялар және жасампаздық кезеңі!

Бүгін бас қаламыз Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен білім қызметкерлерінің дәстүрлі Республикалық тамыз конференциясына Абай облысы Ақсуат ауданы білім бөлімінің басшысы Кыдырмолдин Амангелді Шаймұратұлы қатысып қайтты.

Жаңа оқу жылы қарсаңында республикалық деңгейдегі бас қосудан заманауи бағыт-бағдар алып қайту – ауданымыздың білім саласы үшін үлкен мәртебе!

Биылғы жиын білім беру жүйесін заманауи бағытта дамытуға, адами капитал мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне тиімді енгізуге арналды. Президент ұстаздар қауымына зор қолдау білдіріп, сапалы білім берудің маңызды міндеттерін айқындап берді.

Жиын аясында ұйымдастырылған «Білім болашағы» көрмесіндегі озық цифрлық технологиялар мен жаңа әдістемелер алдағы уақытта Ақсуат ауданының мектептерінде де өз жалғасын табатыны сөзсіз.

Бас қаладан алған тың идеялар мен ерекше шабыт жаңа оқу жылында шәкірттеріміздің жетістікке жетуіне жол ашпақ!

Озық білім мен саналы тәрбие – қуатты мемлекеттің тірегі.

Ауданымыздың барша ұстаздарын келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймыз! Еңбегіміз жемісті болып, ауданымыздың шәкірттері заман талабына сай озық болсын! 💼📚

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1282026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version