Жаңа оқу жылы қарсаңында Атырауда мектеп қауіпсіздігі тексерілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаңа оқу жылының басталуына орай Атырау қаласындағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жағдайына ерекше назар аударылуда.
Бүгінде қалада 109 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Тексеру барысында мектеп аумағындағы жол қозғалысын ұйымдастыру, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жай-күйі, жол белгілерінің болуы мен көрінуі, сондай-ақ бейнебақылау камералары, дабыл түймелері және кіреберістегі өткізу жүйелерінің қамтамасыз етілуі назарға алынуда. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ететін күзет қызметтерінің дайындығы мен шақыртуға келу жеделдігі де тексерілуде.
Балалардың мектепке қауіпсіз барып, сабақтан үйлеріне аман-есен оралуы – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан полиция қызметкерлері оқу жылы бойы мектеп маңындағы жол қозғалысын бақылап, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жарамдылығын қадағалайды. Бұл бағыттағы жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың мектепке келуі мен үйлеріне қайтуы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1282301?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version