Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 27 тамызда Тимирязев ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстары өтті.
Отырыстарға Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің және облыс әкімдігінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында аудандық полиция бөлімі, аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Тимирязев ауданының «Мансап орталығы» филиалы өкілдерінің ақпараттары тыңдалды.
 
Сонымен қатар әдеп жөніндегі уәкілдің, Докучаев және Москворецк ауылдық округтері әкімдерінің, «Тимирязев агротехникалық колледжі» директоры міндетін атқарушының ақпараттары қаралды.
Отырыстар қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/1281970?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version