Жетісу облысында әскерге шақырылушыларға оқуына байланысты жеңілдік беріледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісуда әскерге шақырылушыларға оқуына байланысты жеңілдік беріледі

1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды. Науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Облыстан Отан алдындағы борышын өтеуге 900-ге жуық азаматты жіберу жоспарланған.
Әскерге шақыру жоспары 2026 жылғы көктемгі науқанмен салыстырғанда 15 пайызға артты. 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар ҚР Қарулы Күштеріне – 470 адам, Ұлттық гвардияға – 270 адам, ҰҚК Шекара қызметіне – 130 адам және Мемлекеттік күзет қызметіне – 11 адам аттанады.
Жоспарланған межеге толық әрі сапалы жету үшін жергілікті атқарушы органдар мен әскери басқару бөлімшелері ұйымдастыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазіргі уақытта облыс бойынша әскери есепте тұрған 24 мыңнан астам азаматтың ішінен шақыруға жататын 6035 азамат анықталып, тиісті зерделеу шаралары басталды.
Сондай-ақ, хабарландыру және есепке алу процестерін одан әрі оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Азаматтарды ақпараттандыру мақсатында «ePovestka» жүйесі енгізіліп, СМС-хабарламалар жолдануда. Оның тиімділігін арттыру үшін цифрлық базаны жаңарту, байланыс деректерін нақтылау және азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша ақпаратты уақытылы жеткізу процестері ретке келтірілуде.
Әскерге шақырылушыларға заң жүзінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, білім алуды жалғастыру үшін әр деңгейде бір рет әскерге шақыруды кейінге қалдыруға мүмкіндік бар. Бұл мүмкіндік колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура кезеңдерінде беріледі. Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметін абыроймен өткерген сарбаздар ЖОО-ға ҰБТ-сыз түсу немесе тегін оқу мүмкіндігін иелене алады. Әскер қатарында ерекше көзге түскендерге қосымша білім гранттары қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1282257?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version