Жұмахан Балапанова және Көлбай ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы жүріп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмахан Балапанова және Көлбай ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы жүріп жатыр

Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Қызылащы ауылдық округі мен Көлбай ауылында салынып жатқан мәдениет үйлерінің құрылыс барысымен танысты.

Сапар барысында нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен сапасы қаралып, құрылысқа жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі мәдениет үйлерінің құрылысын сапалы жүргізіп, нысандарды белгіленген мерзімде аяқтап, уақытылы пайдалануға беруді тапсырды.

Ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы жергілікті атқарушы биліктің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1282222?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version