ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ТАЗА ЖАҒАЖАЙЛАР» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 600-ДЕН АСТАМ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 тамызда Алматы қаласының Әуезов ауданында «Таза жағажайлар» акциясы аясында Үлкен Алматы өзенінің жағалауында ауқымды аудандық сенбілік өтті.

Тазалық жұмыстарына 600-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Әуезов ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, құтқару қызметінің мамандары, коммуналдық қызметкерлер, еріктілер, белсенді жастар, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары бар.

Сенбілік барысында өзен жағалауы мен оған іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар акцияға жақын маңдағы кәсіпкерлік нысандары да атсалысты.

Тазалық жұмыстарын жүргізуге мердігер ұйымдардан 50 жұмысшы жұмылдырылып, 15 арнайы техника мен 600 дана құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде аумақтан 90 текше метр қоқыс шығарылды.

Аталған шара аудан аумағының тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1282355?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version