№41 мектептің жапсарлас ғимаратына барып, мұнда күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңа ғимараттың құрылысы жалғасып жатқанын көрді. Сондай-ақ №79 мектеп-лицейіне барып, жапсарлас ғимарат құрылысының аяқталу кезеңіне жақындағанына көз жеткізді.
Жұмыс барысында депутаттар құрылыс қарқынын ғана емес, орындалып жатқан жұмыстардың сапасын да бағалады. Атап айтқанда, үй-жайлардың жағдайы, инфрақұрылымның дайындығы және белгіленген мерзімдердің сақталуы назарға алынды.
Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Барлық жоспарланған жұмыстардың уақытында аяқталып, 1 қыркүйекте балалардың толық дайын, қауіпсіз әрі жайлы мектептерге келуі өте маңызды.
Апта соңында депутаттар уәкілетті органдардың есебін тыңдап, білім беру ұйымдарының дайындығы мен қауіпсіздігі мәселелерін жеке талқылайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1282322?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау