Мектептер мен балабақшалар маңындағы жол қауіпсіздігі — СҚО полициясының бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету — Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жаңа оқу жылы қарсаңында шешіп жатқан маңызды міндеттердің бірі. Мәселен, «Балалар, назар аударыңыздар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әкімшілік полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымын тексеруде. Тексеру нәтижесінде бүгінгі күнге дейін кемшіліктерді жою туралы 60-қа жуық нұсқама берілді.

«Арай» балабақшасының маңында жол таңбасын жаңарту қажет болған. Тиісті жұмыстар қазірдің өзінде жүргізілді. Жол белгілері мен жасанды жол кедергілері орнатылды. Ал балабақшаның өзінде балаларға жолды дұрыс кесіп өтуді үйретуге арналған бағдаршам — дәлірек айтқанда, оның жұмыс істеп тұрған макеті пайда болды. Тәртіп сақшылары бүлдіршіндермен сабақ өткізіп, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін түсіндірді. Балалардың үлкен қуанышына орай, оларға патрульдік автокөліктер көрсетіліп, полиция сиренасы мен дауыс зорайтқышты сынап көруге мүмкіндік берілді. Қауіпсіздік жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жедел медициналық жәрдем қызметкерлері де жүргізді.

«Балалар, назар аударыңыздар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі аптасында ғана полицейлер балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған 140-тан астам түрлі іс-шара ұйымдастырды. Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оларда 4 бала қаза тауып, тағы 90-ы жарақат алды. Зардап шеккендердің 23-і 7 жасқа дейінгі балалар.

Полицейлер жолдағы апаттылықты төмендету бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде: жол инфрақұрылымын тексеру, рейдтер өткізу, түсіндіру кездесулерін ұйымдастыру. Басты мақсат — тәуекелдерді азайтып, жолдардағы қайғылы жағдайлардың алдын алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1282342?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version