Президент жастарға еңбек пен өзін-өзі тәртіпке келтірудің абсолютті құндылығын түсіндіру қажет екенін атап өтті.
- Азаматтар құқықтық нигилизмнің, әлеуметтік масылдықтың, бос сөзділік пен сыншылдықтың болашақсыз екенін терең түсінуі тиіс.
- Халықтың жадын күмәнді деректермен және бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайды.
- Ұлт тарихы тек жеңілістер мен сәтсіздіктерден тұрмайды, біздің тарихымызда жеткілікті триумфалды жеңістер мен жетістіктер болды.
- Біз өз тарихымызға өткеннің өкпе-ренішімен емес, ұлтымыздың жоғары мүдделерін айқын түсіне отырып қарауымыз керек.
- Қоғамымыз мифтерге емес, шынайылыққа сүйеніп, прогреске ұмтылуы, архаиканы аңсамай, ғылымды дамытуы, бос сөзді емес, іскерлікті бағалауы тиіс.
- Еліміздің ұстанымына халықаралық саясатқа ықпал ететін жетекші державалар құлақ асады. Ұлттық мүдделерді қорғау курсы жалғасады.
- Ұсақ-түйек алауыздыққа алаңдамай, тек алға ұмтылу қажет. Нақты әрекет жоспары бар.
- Ұлы Абай атап өткен «бес дұшпаннан», әсіресе өсек, өтірік, мақтаншақтан аулақ болуымыз керек.
- Ең алдымен біліммен қаруланып, ғылымға сүйеніп, тынымсыз еңбек етуіміз қажет.
Шынайы отаншылдық дегеніміз не?
Төл тарихымызды тар жол, тайғақ кешсе де, алған бетінен қайтпаған, еңсесін тік ұстап, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет еткен тұлғалар жазды. Олар ұлтымыздың көшін алға бастады. Елімізді көркейтеміз десек, осындай ұлт перзенттерінің өмірін, ұстанымдарын үлгі-өнеге етуimiz керек.
«Ондай болмақ қайда» деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес. Рухы биік, жігері мықты адамдар өз отбасы мен қасиетті Отаны алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, ел игілігі үшін адал еңбек етеді. Өмірде табысты, қоғамда сыйлы болады. Шынайы отаншылдық дегеніміз де – осы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1282331?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау