Қазақстанда 248-ші “Ауыл құтқарушылары” ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Ақмола облысы Бұланды ауданы Капитоновка ауылында 248-ші “Ауыл құтқарушылары” ерікті өрт сөндіру құралымының ашылуы өтті.

  Бұл бекет ең жақын маңдағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 71 шақырым қашықтықта орналасқан және жалпы саны 3234 тұрғыны бар 5 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Бекет жергілікті кәсіпкердің қолдауымен құрылды. Жедел әрекет ету үшін бөлімше ТЖМ табыстаған өрт сөндіру автоцистернасымен, қажетті жабдықтармен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталған. Бекетте жеке құрамның қызмет атқаруы үшін барлық тиісті жағдай жасалған. Еріктілер ТЖД базасында арнайы дайындықтан өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1282338?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version