30 тамыз – Қала күні. Өскеменге – 306 жыл!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде Қала күніне орай 25-30 тамыз аралығында концерттер, фестивальдер, спорттық жарыстар, отбасылық және балаларға арналған бағдарламалар, жәрмеңкелер және басқа да мерекелік іс-шаралар өтуде.

Мерекелік шаралар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының барлығын қамтыды. Атап айтқанда, Республика алаңы, Арбат, амфитеатр, Достық үйі, саябақтар мен өзге де алаңдар.

Есте қаларлық іс-шаралардың қатарында арт-фестиваль, «Dance Battle», «White Party Oskemen», «Ұлы дала батырлары» жекпе-жек турнирі, «Шашлык фест», «Oskemen Night Run» түнгі жүгірісі, «Oskemen Retro-2026» фестивалі, батпырауықтар фестивалі, классикалық музыка кеші және басқа да мерекелік бағдарламалар бар.

Ал негізгі мерекелік іс-шаралар 30 тамыз күні Республика алаңында өтеді. Өскемендіктер мен қала қонақтарын бал фестивалі, қарбыз фестивалі, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, «Drag Racing» автожарысы және басқа да қызықты шаралар күтеді.

Мерекенің басты шарасы – Республика алаңында өтетін ауқымды концерт. Ол сағат 18:00-де басталады. Көрермен алдында Меруерт Түсіпбаева, Amre, Жігер Ауыпбаев, Серік Ибрагимов, Daricorn, Yenlik, «Ninety One» тобы және ресейлік «Краски» тобы өнер көрсетеді.

Мерекелік кеш отшашумен аяқталады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1282395?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version