Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданына жұмыс сапарымен барды. Іскерлік сапарға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев та қатысты.
Сапар барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, Қаратөбе ауданының Сәуле ауылындағы Жақсыбай негізгі орта мектебінің ашылу салтанатына қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Жаңа білім ордасының ашылуы – ауыл балаларына сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасап, білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды қадам.
Жаңа мектеп оқушыларға заманауи талаптарға сай білім алуға мүмкіндік беріп, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1282419?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау