Мектептерде мониторинг жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мектептерде  мониторинг  жүргізілді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, қалалық білім беру бөлімі және Полиция департаментінің өкілдері бірлесіп, қала мектептерінде мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларының сақталуы, мектеп аумағының жай-күйі, оқушылар үшін жасалған жағдайлар және қауіпсіздік талаптарының орындалуы қаралды.

Сонымен қатар, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мектептерде қауіпсіз ортаны қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мониторинг жұмыстары бір апта бойы жалғасып, қаладағы білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жағдайы жан-жақты зерделенеді. Осы кезеңде қаладағы басқа да мектептерге барып, ондағы қауіпсіздік жағдайын зерделеу жоспарда.

Негізгі мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру ұйымдарында қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1282413?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version