Қазақстан мен Сауд Арабиясы көлік саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рияд, 2026 жылғы 30 тамыз – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Көлік және логистикалық қызметтер министрі Салех Әл-Жасермен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар 2026 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылуын құптап, оның екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Үкіметаралық құжат тікелей әуе қатынасын кеңейтуге, жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұлғайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға берік негіз болатыны атап өтілді.

Осыған байланысты тараптар қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және көлік саласындағы практикалық өзара іс-қимылға қосымша серпін беруге дайын екендіктерін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-сауд ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1282433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version