Таяуда ғана бос жатқан аумақ бүгінде халықтың отбасымен келіп, спортпен шұғылдануына немесе таза ауада уақыт өткізуіне болатын орынға айналды. Облыс орталығындағы Үлбі шағын ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды.
Тұрғындар үшін заманауи балалар ойын алаңы, воркаут аймағы, баскетбол және волейбол алаңдары, демалыс орындары мен автотұрақ жабдықталды. Аумаққа 900 шаршы метр брусчатка және 1 508 шаршы метр тартан жабыны төселді. Келесі кезеңде футбол алаңын салу жоспарланып отыр.
Қала күні қарсаңында Самсоновка ауылында да жаңа нысан ел игілігіне берілді. Мұнда комьюнити-орталық ашылды.
Бұған дейін дүкен орналасқан ғимарат қайта жаңғыртылып, бүгінде ауыл әкімдігі, учаскелік полиция пункті, акт залы және қажетті кабинеттер орналасқан. Ең бастысы, тұрғындар үшін бас қосып, маңызды мәселелерді талқылауға және өз бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ортақ кеңістік пайда болды.
Мұнда балалар мен жастар түрлі іс-шаралар өткізіп, тұрғындар бас қосып, жергілікті қоғамдық бірлестіктер өз жұмыстарын жүргізе алады.
Осындай жобалар қаланың орталығымен ғана шектелмей, елді мекендердегі қалыптасқан ортаны да өзгертеді. Бос жатқан аумақтар мен ескі ғимараттар жаңаша түрленіп, халық үшін кездесуге, спортпен шұғылдануға, демалуға және уақытты бірге өткізуге қолайлы орындар көбейіп келеді.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1282428?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау